Мейіргердің мамандығы – өте маңызды және ол мол адамгершілікті талап етеді


Құрметті мейіргер әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Халықаралық мейіргерлер күнімен құттықтаймыз!



Қазіргі кезде мейіргердің қатысуынсыз білікті медициналық көмектің көрсетілуі мүмкін емес. Сіздер таңдаған мамандық – өте маңызды және ол мол адамгершілікті талап етеді. Төзімділік пен шыдамдылық, өзгенің ауыртпалығына  ортақтаса білу сияқты қасиеттер өз қызметтеріңізді кәсіби және жауапкершілікпен орындау үшін қажет. Науқастарды аяқтарынан тік тұрғызып, денсаулықтарын жақсартып, оларды бақытқа бөлеу -  Сіздердің атқарып жүрген адал еңбектеріңіздің жемісі.



Денсаулық – адам үшін толыққанды және бақытты өмір сүруге мүмкіндік беретін баға жетпес байлық. Сондықтан да Сіздердің еңбектеріңіз өте қажет және мәртебелі.



Ұлт денсаулығын сақтау ісінде біліктіліктеріңіз бен науқасқа деген жан жылуларыңыз өте маңызды.



Қазірде елімізде болып жатқан қиын кезеңде де, мейіргерлер отбастарынан алыста жүріп кәсіби міндеттерін орындап, инфекциялық ауруханаларда, провизорлық стационарларда және басқа медициналық ұйымдарда жан аямай жұмыс істеп жатыр.



Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымызды білдіреміз! Білімдеріңіз бен тәжірибелеріңізді жетілдіріп, адам денсаулығын жақсартудың қорғаушысы болып, еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін! Денсаулықтарыңыз зор болып, отбастарыңызда сыйластық пен амандық тілейміз!



12 мамырда қайырымдылық қызметінің негізін салушы мейіргер Флоренс Найтингейл дүниеге келген (1820-1910) күні дүние жүзінің барлық мейіргерлері өздерінің кәсіби мейрамы – Халықаралық мейіргерлер күнін атап өтеді.