Мемлекеттік тіл - менің тілім!


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Педиатрия және балалар кардиохирургиясы ғылыми орталығының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған Рспубликалық форум аясында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік тіл мамандары арасында үздік жұмысқа конкурс жарияланды.



Байқауға қатысқан Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ мемлекеттік тіл маманы Әлия Қанапиянованың «Ахмет Байтұрсынұлының әлемі» атты еңбегі жоғары бағаланды.



Мекеме басшысы Роза Қуанышбековаға және Институтқа алғыс хаттар берілді, Әлия Жеңісқызына «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына 150 жыл» мерейтойлық төсбелгісі, мемлекеттік тіл маманы Гүлзада Қасембековаға «Тіл ардагері» төсбелгісі табыс етілді.



         Біз әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!