Операциядан кейін оңалту шаралары не үшін қажет?


Кез келген хирургиялық операция науқастың ағзасына зор күйзеліс әкеледі. Барлығы ойдағыдай өтсе де, адамның қайтадан күш жинап, ағза қызметтерін қалпына келтіруі үшін оңалту шаралары қажет. Оңалтудың маңыздылығы операцияның өзі немесе емдік терапия секілді хирургиялық араласулардан немесе ұзақ емделуден  кем емес.



Пациенттің өмірлік маңызды күштерін қалпына келтіріп қана қоймай, сонымен қатар оның психоэмоциялық жай-күйін де жақсарту қажет.



Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология және реабилитация бөлімшесінде аортокоронарлық шунттау, жүрек қақпақшаларын протездеу, туа біткен жүрек кемістігін түзету, сондай-ақ миокардтың жіті инфаргінің көрінісінде жүргізілген коронарлық артерияларды стенттеуден кейін, созылмалы жүрек қызметінің жетіспеушілігі және жүрек ырғағының бұзылысы бар пациенттерге жүрекке кардиохирургиялық оперативтік араласулар жасалғаннан кейін оңалту қызметі көрсетіліп, сіздің денсаулығыңызды қалпына келтіруге көмек береді.



Мұнда оңалту кезінде жеке, сондай-ақ топтарда емдік физкультура, физиотерапевтік шаралар – массаж, УВЧ-терапия, УФО (кварцтау), магнитті және сәулелік терапия, сондай-ақ психотерапия тағайындалады. Бөлімше пациенттің еңбекке жарамдылығын мүмкіндігінше қалпына келтіру үшін қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.



Егер дәрігердің ұсынымдарын қатаң орындайтын болса, пациент денсаулығын жылдам оңалтып, толыққанды өмірге қайтып келеді.