Соңғы жылдар ішінде Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының жетекші мамандары тәуліктің кез келген күні, жұмыс және демалыс күндері жүргізетін онлайн-консультациялардың саны артып келеді.
Клиника мамандары Қазақстанның медицина ұйымдары мен өңірлерінен өздерінің әріптестерімен онлайн-кездесулер жүргізуге және пациенттерді әрі қарай емдеу мен емдеп қарауына қатысты басқа шешімдер қабылдауға әрқашан дайын.
Таяуда болған жағдай осыған мысал бола алады. Қызылорда қаласының тұрғыны 31 жастағы жүкті әйелде 31 апта мерзімінде алғаш рет жүректің туа біткен кемістігі анықталды. Қашықтықтан консультация берудің арқасында әйелді босандыру және одан әрі емдеу мәселесін шешуге мүмкіндік туды. Осындай консультациялар ҒЗИ-да барлық бағыттар бойынша күнделікті жүргізіледі.