Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Алматы қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында болды.
Ол еліміздің барлық өңірлерінің пациенттеріне кардиология, консервативті кардиология, кардиохирургия, сондай-ақ терапия: эндокринология, гастроэнтерология, ревматология, нефрология және пульмонология саласында медициналық көмек көрсетіп жатқан институттың қызметімен танысты.
Ажар Ғиният халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жаңартылған кардиохирургиялық операция блогында болды. Ол жүрекке күрделі араласуларды орындауға арналған жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған. 3D бейнелеу мүмкіндігі бар заманауи торакоскопиялық бағана орнатылған. Оны пайдалану жүрек қақпақшаларына аз инвазивті операциялар мен кеудені кеспей коронарлық шунттау жасауға мүмкіндік берді. Қазақстанда тек Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ғана коронарлық шунттау немесе жүрек кемістіктерін түзетумен бірге жүрек ырғағының бұзылыстарын бір мезгілде емдеу үшін ашық жүрекке криоаблация операциясы жүргізілетіндігін айта кеткен жөн.
Денсаулық сақтау вице-министрі анестезиология, реанимация және қарқынды терапия, терапевтік бөлімше, сондай-ақ созылмалы инфекциялық емес аурулары: қант диабеті, артериялық гипертензия, СЖК, ӨСОА, бүйрек аурулары бар науқастарды оқытатын Пациент мектебін де болды. Мұнда пациенттер тек білім алып қана қоймайды, сонымен қатар өмірге қауіпті аурулардың дамуына әсер ететін қауіп факторларын азайтудың әдістерін үйренеді.
Ажар Ғинаятқа резиденттер мен дәрігерлерге теориялық және практикалық дағдыларын меңгеруге мүмкіндік беретін жүрек-өкпе реанимациясы, интервенциялық кардиология және аритмология симуляциялық орталығы, гибридті зертхана көрсетілді.
Денсаулық сақтау вице-министрі кардиология және реабилитация бөлімшесінің пациенттерімен сұхбаттасты, мұнда науқастарға қалпына келтіру емі және медициналық оңалту шараларын жасай отырып, мамандандырылған кардиологиялық және терапевтік медициналық көмек көрсетіледі. Клиниканың бірінші басшысы Роза Қуанышбекова халықтың денсаулығын, еңбекке жарамдылығын жақсарту, аурудың асқынуының алдын алу, пациенттерді қоғамның қалыпты тұрмыс жағдайына ықпалдастыру, өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар өзінің оң әсерін беріп жатқандығы туралы айтып берді.
Денсаулық сақтау вице-министрі соңғы жылдары Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ клиникалық, білім беру, консультациялық және ғылыми қызметі көрсеткіштерінің жақсарғандығын атап өтті, сонымен қатар өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатқан пациенттерге психологиялық және басқа да көмек көрсету мәселесін қарастыру туралы ұсыныс жасады.