Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті.
Әріптестерін еліміздің басты ұлттық мерекесімен құттықтай отырып, институттың басқарма төрайымының орынбасары Венера Қарағойшиева Тәуелсіз күні жаңа Қазақстанның қалыптасып, егемендікке және өз тағдырын өз бетінше шешу құқығына ие болғанын білдіреді деп атап өтті.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту жылы клиника үшін ерекше табысты болды – ҒЗИ көрсетілетін медициналық көмектің жоғары көрсеткіші болып есептелетін JSI халықаралық аккредиттеуін алды. Институтқа сонымен бірге ұлттық аккредиттеудің жоғары санаты берілді.
«Тәуелсіздігіміз әрбір қазақстандықтың ел игілігі жолындағы ерен еңбегіне толы. Медицинада негізгі тұлға адам болып қалады: дәрігер, мейіргер және денсаулықты нығайтуға, өмірді сақтауға өз үлесін қосатын барлық сала қызметкерлері», - деді Венера Қайырболатқызы.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстанның мемлекеттілігінің қалыптасуы мен егемендігінің нығаюына, сондай-ақ республиканың денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосқан 20-дан астам клиника қызметкері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Марапатталғандардың ішінде тек қана басшылар, дәрігерлер мен мейіргерлер ғана емес, сонымен қатар зертханашы, медициналық жабдықтар жөніндегі инженер, медициналық тіркеуші, дезинфектор да бар.
Мерекелік медальмен: рентгенэндоваскулярлық операция блогының меңгерушісі Алексей Колесников, Республикалық аллергология орталығының басшысы Тайыр Нұрпейісов, клининг қызметінің менеджері Гүлнар Қойлыбаева, «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен мейіргер ісі жөніндегі директор Елена Орехова, кардиолог дәрігер Георгий Бердышев, инфекциялық бақылау жөніндегі мейіргер Лариса Зинова, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен мейіргер Марғұлан Садыхан, бас бухгалтер Әсел Садыханова және т.б. марапатталды.
ҚР Президентінің 2020 жылғы маусымдағы Жарғысына сәйкес «Халық алғысы» медалі Covid-19 пандемиясына қарсы күресте ерекше көзге түскен республиканың азаматтарына беріледі. Бұл медаль инфекциялық бақылау жөніндегі мейіргер Лариса Зиноваға табыс етілді.