2021 жылғы 13 қаңтарда құрамына Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты Консультациялық-диагностикалық орталығының меңгерушісі, м.ғ.д. Қуат Абзалиев, №4 қалалық клиникалық аурухананың реаниматологы Канат Байғожаев, Асфендияров ат. ҚазҰМУ эндокринология кафедрасының меңгерушісі проф. Жангентхан Абылайұлы, пульмонолог, м.ғ.к. Гүлістан Есетова кірген бригада Талдықорған қаласының Облыстық инфекциялық ауруханасындағы анықталмаған КВИ COVID-19, екі жақты полисегментарлық пневмонияға, декомпенсация сатысындағы алғаш рет анықталған 2 типті қант диабеті, диабеттік нефропатия, аяқтың диабеттік полинейропатиясы, аяқ тамырларының диабеттік ангиопатиясы, пролиферативтілік деңгей алдындағы диабеттік ретинопатия, 4 дәрежедегі семіздік сияқты ілеспелі ауруларға шалдыққан, 1985 жылы туған ауыр пациентті құтқару үшін дәрігерлік консилиум өткізді.
Дәрігерлер бірлесіп әрі қарай тексеріп-зерттеу мен емдеудің тактикасын анықтады.
Бүгінгі күні пациенттің денсаулығында оң динамика байқалғандығын айта кеткен жөн.