Рентгенэндоваскулярлық хирургия диагностикалық манипуляциялар жүргізудің мүмкіндіктерін кеңейтеді


Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ рентгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесінде жүрек-қантамыр жүйелерінің патологиясы, туа біткен жүрек кемістігі, гинекологиялық және урологиялық патологиясы бар науқастарға мамандандырылған көмек көрсетіледі. Бөлімше құрамына рентгеноэндоваскулярлық операция жасау блогы кіреді.



Рентгеноэндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің артықшылығы - кеспей, тері арқылы және жалпы наркозбен жасалатын, аз жарақатты тамырішілік операциялардың жасалуы.



Бөлімшеде жүрек артериялары зақымданғанда, жүректің ишемиялық ауруы және әрі қарай емдеуді таңдау кезінде (стенттеу, шунттау, дәрі-дәрмекпен емдеу) амбулатория жағдайында да коронарография жасалады. Жүректің туа біткен және жүре пайда болған кемістігінде - ангиокардиография және ангиопульмонография, созылмалы қабаттану, кеуде немесе құрсақ аортасының аневризмасын емдегенде -  аортаны стенттеу, туа біткен жүрек кемістігінде - окклюдерді импланттау сияқты қызметтер көрсетіледі.



Сонымен қатар, аз инвазивті рентгенохирургиялық эндоваскулярлық процедура – жатыр миомасын емдеудің заманауи тиімді әдісі болып табылатын жатыр артерияларының эмболизациясы, сондай-ақ қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясын эндоваскулярлық емдеу, яғни, қуықасты безінің аденомасы – хирургиялық емдеуді алмастыра алатын ауырсындырмайтын эмболизациясы жасалады.