Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!


Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Байланыс және ақпарат  қызметкерлерінің  күнімен шын жүректен құттықтаймыз!



Қай уақытта болмасын баспасөз қоғамдық пікірді білдіруші, пайдалы да өзекті ақпараттың көзі болды және әрқашан осылай болып қалмақшы. Қазіргі таңда өмірімізді газет-журналдарсыз, радио мен телевидение, интернет-ресурстарсыз  елестете алмаймыз. Ақпараттың алдыңғы қатарында бола отырып, БАҚ халық пен сол халықтың айналасында болып жатқан барлық оқиғалардың дәнекершісі болып келеді.



         Сіздердің үздіксіз еңбектеріңіз бізге күн сайын, сағат сайын, минут сайын елімізде болып жатқан барлық маңызды оқиғалар туралы хабардар болып отыруымызға мүмкіндік береді. Сіздердің тілші, репортер, шолушы ретінде «халық дауысы» атынан жасап жүрген жұмыстарыңыз өмірге ерекше қарқын береді. Журналист мамандығына терең ойлай білетін, білімқұмар, ой-өрісі кең және адамгершілігі мол болумен қатар жауапкершілік те өте қажет. Журналистика тек жоғары кәсіби дайындықты ғана емес, сонымен бірге елімізде болып жатқан барлық оқиғалар мен көріністерге өзінің жеке авторлық көзқарасының болуын, еліміздегі қоғамдық-саяси процестерге белсенді қатысуды талап ететін мамандық.



         Біз сіздерден әрқашан өзекті материалдарды, шынайы фактілер мен жаңалықтарды, нақты және талданған аналитиканы, тіл мен баяндалу стилінің көркем болуын күтеміз.



         Сіздер еліміздегі кішкентай сәбиден бастап ересек адамдарға дейінгі қажет ететін денсаулық сақтау жүйесінің өзекті де көкейтесті мәселелерін жариялап келесіздер. Сіздердің тікелей қатысуларыңызбен еліміздің барлық тұрғындарына денсаулық сақтау саласының дамуына қатысты барлық жаңалықтар уақытылы жетіп отырады. БАҚ өмірлік ұстанымдар, құндылықтар мен идеалдарды қалыптастыруға ықпал етеді.



         Біз өмірге сіздердің көздеріңізбен қараймыз және де бүгінгі мереке күні сіздерге еңбектеріңіз, жоғары  біліктілік пен мамандыққа адалдықтарыңыз үшін  алғысымызды білдіремізз. Сіздерге шығармашылық шабыт, қызықты оқиғалар, көпқырлы жаңа тақырыптар, жеңіл қалам мен әрине, сәттілік тілейміз. Өздеріңізге, отбасыларыңызға және туған-туысқандарыңызға бақыт, денсаулық және табыс тілейміз!



                                                                                     Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ұжымы