Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Консультативтік-диагностикалық орталығында (КДО) Сіз кардиология, кардиохирургия, аритмология, эндокринология, гастроэнтерология, гепатология, аллергология, иммунология, ревматология бойынша кешенді тексеріп зерттеуден өте аласыз.
Орталық ұлттық және халықаралық стандарттар деңгейінде өңірлердегі халыққа медициналық көмек көрсетуге арналған заманауи емдік-диагностикалық құралдармен жабдықталған.
КДО 16 мамандық бойынша ересектерге консультативтік, амбулаторлық-емханалық медициналық көмектің толық кешенін жүргізеді.
Науқастарды медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, көптеген жыл клиникалық жұмыс өтілі бар жоғары санатты дәрігерлер қабылдайды. Сіздің патологияңызға сәйкес зерттеулер жүргізуіңізге, маманның консультациясын алып, емдеу тәсілін анықтауға жазылуға мүмкіндігіңіз бар.
Сырттан келген пациенттер үшін шаруашылық есептегі бөлімшеге орналасып, тексеріліп және емделуіне жағдай жасалған. Терапевтік және кардиологиялық бейіндегі 30 төсекке арналған күндізгі стационар қаланың амбулаторлық пациенттеріне медициналық көмек көрсетеді.
Тіркеу орнымен байланысу: 8-727-2 33 00 61, 8-727-267 68 34
Тексерілуге және қабылдауға жазылу: 2 67- 68-34, 2 33-00-61
КДО меңгерушісі, м.ғ.д. Абзалиев Қуат Баяндыевич - 2 33 00 30, 594, ұялы:87012212211
Мамандардың қабылдауы тіркеу орнына алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі: 267 68 34, 233 00 30.
Жоғары білікті мамандар диагностикалау, терапияны анықтау және стационарлық көмек көрсетілгеннен кейін динамикалық бақылаумен айналысады. Стационардан шыққаннан кейін Сіз Консультациялық-диагностикалық орталықта бақылана аласыз. Бұл оперативтік араласулар жүргізілгеннен кейін өте маңызды! Біз іркілген жүрек-қантамыр жетіспеушілігі бар пациенттермен айналысамыз, миокард инфаргіне шалдығу және жүрекке операция жасалғаннан кейін динамикалық бақылауды жүргіземіз, медициналық-әлеуметтік сараптамаға консультациялық қорытынды береміз. Қажет болса – портал бойынша КІА ҒЗИ емдеуге жатқызуға көмектесеміз.
Денсаулықты бақылауда ұстау – Сіздің денсаулығыңыздың кепілі!