КДО ересектерге 16 мамандық бойынша сапалы консультациялық, амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсетеді.
Ішкі ағзалардың көптеген аурулары ағымының өзгеруіне қарамастан, біз әр пациентке дұрыс диагноз қоя отырып емдеудің жеке тактикасын ұсынамыз және емдеу ұйымын ұсына аламыз.
Консультациялық-диагностикалық орталық ұлттық және халықаралық стандарттар деңгейінде тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін заманауи емдік-диагностикалық жабдықтармен жабдықталған. Сіз жылдам және сапалы түрде кардиология, кардиохирургия, аритмология, эндокринология, гастроэнтерология, гепатология, аллергология, иммунология, ревматология бойынша кешенді тексеруден өте аласыз.
Қабылдауды медицина ғылымдарының докторлары, көп жылдық клиникалық жұмыс өтілі бар жоғары санатты дәрігерлер жүргізеді. Сіз әрі қарай маманның консультациясын алып, терапияның тактикасын анықтай отырып, өзіңіздің патологияңызға сәйкес зерттеу жүргізуге жазыла аласыз.
Басқа қаладан келген пациенттердің шаруашылық есептегі бөлімшеге орналасып, қарап-тексерілуге және ем қабылдауға мүмкіндігі бар. Қала тұрғындары үшін пациенттерге амбулаторлық көмек көрсететін терапевтік және кардиологиялық бейіндегі 30 төсегі бар және жыл сайын 2000 астам науқас емделіп шығатын күндізгі стационар қызмет жасайды.
Тіркеу бөлімінің телефоны: 8-727-2 33 00 61, 8-727- 267 68 34.
Қабылдауға және тексерілуге жазылу үшін 2 67-68-34, 2 33–00–61 телефондары бойынша хабарласыңыз.
КДО меңгерушісі, м.ғ.д. Абзалиев Қуат Баяндыевич - 2 33 00 30, ішкі нөмірі 594, ұялы тел.: 87012212211.
Мамандардың қабылдауы КДО тіркеу бөліміне алдын ала жазылу 267 68 34, 233 00 30 телефондары арқылы жүргізіледі.
Жоғары білікті мамандар диагностикалауды, терапияны түзетуді және Сізге көрсетілген стационарлық көмектен кейін динамикалық бақылауды жүргізеді. Стационардан шыққаннан кейін Сіз Консультациялық-диагностикалық орталықта бақылана аласыз. Бұл әсіресе операциялардан кейін маңызды! Біз жүрек-қантамырдың іркілістік жеткіліксіздігі бар пациенттермен жұмыс істейміз. Миокард инфаргі, жүрекке жасалған операциядан кейін ауырып шыққан пациенттерге динамикалық бақылау жүргіземіз.
МӘСЖ-ге консультациялық қорытынды береміз. Қажет болса – Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ емделуге жатқызу туралы мәселені шешеміз.
Дұрыс бақыланып-қаралу - Сіздің денсаулығыңыздың кепілі! Біз Сізге көмектесеміз!