Құрметті әйелдер қауымы!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Қазіргі заман әйелдері – қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестердің белсенді мүшесі. Әйел адам ең алдымен ұрпақ тәрбиелейтін АНА, адамзаттың анасы. Әйел – отбасына береке беретін өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры. Бүгінгі таңда әйелдер қандай да болмасын кәсіпте керемет жетістіктерге қол жеткізіп отыр.
Адамзаттың ең әдемі өкілдерін мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әріптестер мен достарыңыздың арасында зор беделге ие болуларыңызға тілектеспін!
Жақын адамдарыңыздың қамқорлығына бөленіп, өміріңіз жарқын әсерлерге, қуанышты оқиғаларға толы болсын. Көктемгі көңіл-күй, барлық тілектеріңіздің орындалып, жағымды эмоцияларға толы болсын!
Бақыт және сәттілік сіздермен қатар жүрсін!
«Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» АҚ
Басқарма төрайымы Роза Куанышбекова