Өткен жыл біз үшін оңай болған жоқ, алайда алдымызға қойылған міндеттерді абыроймен атқардық. Жыл аяғында қорытынды шығарылып, келер жылға жаңа жоспарлар жасалады. Нәтижесі айқын деп сенімді түрде айта аламыз.
Келе жатқан жылы сіздерге қаржылық тұрақтылық, отбастарыңызға құт-береке және ертеңгі күнге деген сенімділік тілейміз. Әрбір игі істеріңіз бен жаңа бастамаларыңыз сәтті, табысты болсын! Туған-туысқандарыңыздың қолдауы мен қамқорлығына бөлене беріңіздер.
Осы жылы үміттеріңіз ақталып, барлық қиындықтар мен жағымсыз сәттер артта қалып, алға қойған жоспарларыңыздың барлығы орындалсын.
Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Жаңа жыл жақсылық, бақыт, қуаныш, шаттық әкелсін!
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ұжымы