Терапевтік және кардиологиялық бейіндегі пациенттер КІА ҒЗИ күндізгі стационарында ем қабылдай алады


Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ күндізгі стационарында терапевтік (аллергология, ревматология, гастроэнтерология, эндокринология) және кардиологиялық бейіндегі пациенттерге стационарды алмастыратын көмек көрсетіледі. Кардиологиялық бейіннің екі бағыты бар, олар консервативтік емдеу және интервенциялық кардиология (амбулаторлық коронароангиография).



Дәрігердің тәулік бойы бақылауын қажет етпейтін пациенттер емдеуге  уақытын үнемдеп, күндізгі стационардағы емін еңбек қызметімен, оқуымен бірге қатар алып жүріп, кешкі және түнгі уақыттарда үйлерінде бола алады. Созылмалы аурулармен диспансерлік есепте тұратын пациенттер үнемі жоспарлы емді қабылдауы тиіс.



Күндізгі стационар жағдайында емделу жоғары білікті дәрігерлердің бақылауымен әр пациентке тиісті терапияны тағайындау, аллергиялық реакциялардың немесе дәрілерге төзбеушіліктің пайда болуын бақылауға алуға мүмкіндік береді. Дәрігерлер күнделікті пациентті қарап тексеріп, оның жай-күйінің динамикасын бақылауында ұстайды.



Бөлімшеде қазіргі заманғы жаңа және сапалы деңгейде зерттеудің кең спектрі қолданылады. Сонымен қатар, көрсеткіштері ескеріліп, кинезотерапия (емдік физкультура, физиотерапия, массаж), қажет болса – басқа мамандардың консультациясы тағайындалады.



Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ күндізгі стационары 2010 жылы ашылған.



Күндізгі стационарға емделуге жату тұрғылықты мекенжайы бойынша емхана, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ консультациялық-диагностикалық орталығы берген жолдама бойынша жүзеге асырылады, сондай-ақ пациент өздігінен де жүгіне алады.