Қымбатты қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Ата заңы - Конституция күнімен құттықтаймыз!


Бұл мемлекеттік мерекенің ерекше мәні бар және ол әрқайсымыз үшін маңызды.



Осыдан жиырма бес жыл бұрын, тамыздың 30 күні тәуелсіз Қазақстан өзін ең жоғарғы құндылығы адамның құқығы мен бостандығы болып табылатын  демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.



Еліміздің негізгі заңы біздің мемлекетіміздің егемендігін, шекарасының беріктігін анықтады.



Егемендіктің кепілі ретінде Конституция бірлігімізді нығайтты, тұрақтылық пен келісімнің өзегіне,  жасампаздықтың бейнесіне және қомақты істер мен  жетістіктердің бастауының қайнар көзіне айналды.



Біз еңбек етіп және қоғам өміріне белсенді қатыса отырып, құндылықтарымызды сақтап қалып, елімізді дамытуға және оның өркендеуіне үлесімізді қосуымыз керек.



Сіздерге бейбіт және тыныш күндер тілейміз, әр қазақстандықтың отбасында бақыт пен береке салтанат құрсын! Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!