Заманауи эндоскопияның мүмкіндіктері


Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ эндоскопия және интервенциялық гастроэнтерология бөлімшесінде эндоскопиялық зерттеулердің барлық түрлерінен өтуге болады, олар:



- эзофагогастродуоденоскопия – өңеш, асқазан, ұлтабарды тексеру;



- колоноскопия – тоқ ішекті қарау; 



- бронхоскопия – трахея мен бронхты тексеру және капсулалық эндоскопия - аш ішекті тексеру.



Клиникада Крон ауруында,  спецификалық емес ойық жаралы колитте ішекті биопсиямен зерттеу, полиптерді алу, өңештің варикозды тамырын лигирлеу, арықтау үшін асқазанішілік баллонды қондыру және стеноз жағдайында стент қою секілді заманауи технологиялар сәтті қолданылады.




Институтта сондай-ақ асқазан мен тоқ ішектің скринингтік, профилактикалық зерттеулері жүргізіледі.



«Пациенттер, көбіне гастроскопия және колоноскопия сияқты зерттеулерден қорқады. Бұл жағымсыз, бірақ ауырмайтын процедуралар»,- дейді ҒЗИ эндоскопия және интервенциялық  гастроэнтерология бөлімшесінің меңгерушісі Владислав Зелинский.



Владислав Евгеньевичтің айтуынша, эндоскопия жергілікті анестезиямен және наркозбен жасалады. Ол ағзалардың қабырғалары мен шырышты қабаттарын толық кешенді бағалауға мүмкіндік береді. Эндоскопияның көмегімен биопсия, санация және трахеостомияны қайта орнату, трахеяны интубациялау, полиптер, бөгде денелерді алып тастау, жараларды емдеу, ісіктерге стенттер орнату, бактериологиялық қақырық алу секілді емдік процедуралар да жүргізіледі.



Гастроскопиядан да қорықпау керек, өйткені гастроскоп дәрігердің бақылауымен өңешке енгізіледі. Құрылғы икемді резеңке түтігі бар, шығып тұратын металл бөлшектері жоқ, сондықтан да ол жарақаттай алмайтын зат. Тұншығу да мүмкін емес, тыныс алу жолдары енгізілген аппараттан тыс орналасқан.



Эзофагогастродуоденоскоптың көмегімен өңеш, ақазан және ұлтабар зерттеледі. Эзофагогастродуоденоскопия (ЭГДС) асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөліктерін дәл және қауіпсіз тексереді.



«Егер сізді асқазан, іштің жоғарғы бөлігі және төстің артындағы ауырсыну, жүректің қыжылы, жұтынудың бұзылуы, ас қорыту, анемия, гиповитаминоз, салмақ жетіспеушілігі, эзофагиттер, өңеш стеноздары, гастриттер, дуодениттер, жаралар, полиптер мазалайтын болса ЭГДС өту қажет. Зерттеудің бұл түрі ісікке күдік туындаған кезде, бауыр, ұйқы безі, өт жолдарының диагностикасы, жаралар мен эрозияларды эндоскопиялық емдеу, өңеш стенттерін, салмақ түсіру үшін асқазан баллондарын орнату және алып тастау, іш қуысы мүшелерін операцияға дейін тексеру үшін көрсетілген», - деп түсіндірді дәрігер.



 



Фотоларда: арықтау үшін түсіру үшін асқазанішілік баллонды қондыру



 



Келесі жолы біз колоноскопия және бронхоскопияның диагностикалық мүмкіндіктері туралы айтамыз.