Дүниежүзілік артериялық гипертензияға қарсы күн аясында 2021 жылғы 22 мамырда Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты профессор-оқытушылар құрамының, медицина қызметкерлері мен қала тұрғындарының қатысуымен «Күніне 30 минут жаяу жүріңіз» атты Денсаулық марафоны өтті.
Жүрек пен қан тамырларының сау болуы үшін қатысушылар дене және тыныс алу жаттығуларын жасады, қан қысымын өлшеді. Марафон бағдарламасына жаяу серуендеу де енгізілді.
Марафонға қатысушы Алматы қаласының тұрғыны, зейнеткер Светлана Әлсейпулова: «Жүрегімнің және қан тамырларымның сау болуына көмектесу үшін мен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған шараға зор ынтамен қатыстым.
COVID-19 пандемиясы жағдайында КВИ қаупін жою үшін қауіпсіздік талаптары ескерілді, қатысушылардың саны шектеулі болды (25 адамнан асқан жоқ).