Жақындарын жоғалтқандардың бәріне қайғырып көңіл айтамыз


Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12.00-де COVID-19 пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты Жалпыұлттық аза тұту күнінде Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басшылығы мен медицина қызметкерлері қайтыс болған әріптестері мен жақындарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.



Қайтыс болғандардың құрметіне, оларды еске алудың белгісі ретінде институт қызметкерлері қаралы лента тақты.



Карантиннің  барлық талаптары сақталды (бетперде, әлеуметтік ара қашықтық, адамдар санының шектелуі), институт ғимаратында мемлекеттік ту төмен түсірілді.