Жас мамандар мен резидент дәрігерлерге арналған тренинг


Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ның  Симуляция орталығы 2020 жылғы 3 ақпанда  жас мамандар мен резидент дәрігерлерге арналған «Аритмологиядағы интервенциялық араласулар» тақырыбында тренинг өткізеді.

Тренинг Қазақстан үшін ерекше болып табылатын «Simbionix» компаниясының “Angio Mentor” симуляторында жүргізілетін болады. Симулятордың бағдарламалық базасында түрлі эндоваскулярлық араласудың әртүрлі бағыттары бойынша дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін ондаған клиникалық жағдайлар бар, олар: катетерлік аблация,  жүрек ресинхронизациясы, транссепталдық пункция, коронарлық стенттеу, перифериялық тамырларға  (ұйқы, сан артериясына), сондай-ақ қолқаның көкірек және іш қуысына жасалатын араласулар мен қолқа қақпақшасының транскатетерлік имплантациясы.

Осындай тренингтер өткізу жас  мамандар үшін  науқастармен емдік іс-амалдарды жүргізбес бұрын  қажетті дағдыларды меңгеріп алуға мүмкіндік береді.