Жетекші қазақстандық және шетел мамандары пандемия кезеңінде аллергология, иммунология және респираторлық медицинаның өзекті мәселелерін талқылады


Бүгін С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ 90 жылдығына арналған «Пандемия кезеңіндегі аллергология, иммунология және респираторлық медицина» халықаралық біріккен виртуалды конгресі өз жұмысын бастады. Елімізде және әлемдегі жағдайды ескере отырып, Конгресс толығымен виртуалды өтеді.



Конгресті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ қолдауымен Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Аллергологтар, иммунологтар және иммунореабилитологтар қоғамы, Пульмонологтар және торакалды хируртар қоғамы ұйымдастырды.



Конгреске 350-ден астам дәрігерлер қатысатындығын растады және тіркелді.



Конгрестің тақырыбы инновациялық болып табылады. Ол практикалық денсаулық сақтауға бейімделген. АҚШ, Венгрия, Австрия, Шри-Ланка, Пакистан, Ресей және Украинаның жетекші ғалымдары мен практиктары, сондай-ақ отандық аллерголог-иммунологтар, пульмонологтар, фтизиатрлар, терапевтер, дерматовенерологтар, эпидемиологтар мен инфекционистер баяндама жасайды. Мұнда еліміздің медицинасының әрі қарай дамуына, пациенттерді емдеудің тәсілдерін жақсартуға мүмкіндік беретін ең жаңа ақпараттар ұсынылатын болады.



Конгресс шеңберінде Қазан мемлекеттік медицина университетімен бірлесіп «Пандемия кезеңіндегі вирустық аурулары болған кезде иммундық жауаптың ерекшеліктері» және «Тыныс алу ағзаларының функционалдық зерттеулері және ингаляция жасайтын препараттарды жеткізудің заманауи технологиялары», «Дәрілік жоғары сезімталдық профилактикасы. Күнделікті практикада  in vitro және in vivo ерекше аллергодиагностикасы» шеберлік кластары өткізілетін болады.



26 және 27 қыркүйекте конгресс өз жұмысын жалғастырады.



Алыс және жақын шетелдердің сарапшыларын байланысқа тура қосу жолымен осындай іс-шаралар өткізу мамандар арасында өзара байланысты қалыптастыру және тәжірибемен алмасуға, еліміздің тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктерге жағдай жасайтындығын айта кеткен дұрыс.



Тіркелген қатысушылар үшін барлық секциялардың, дәрістер мен шеберлік сыныптарының бейнежазбалары, сондай-ақ баяндамашыларға сұрақ қою және талқылауға қатысу мүмкіндігі іс-шара аяқталғаннан кейін 3 ай ішінде Конгресс сайтында қол жетімді болатындығын хабарлаймыз.



Барлық қажетті ақпарат, бағдарлама, Конгреске қатысуға тіркелу және секцияларға қолжетімді болу www.oaiir-2020.kz сайтында орналастырылған.