7 жыл гемодиализде болған: 71 жастағы науқасқа жүрек қақпақшасы имплантталды

7 жыл гемодиализде болған: 71 жастағы науқасқа жүрек қақпақшасы имплантталды

https://sputnik.kz/20250304/7-zhyl-gemodializde-zhurgen-71-zhastagy-nauqasqa-zhurek-qaqpashasy-implanttaldy-51338754.html

 Науқасқа бұрын жасалған стенттеу оның жағдайының жақсаруына әкелмеді
АСТАНА, 4 наурыз — Sputnik. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында 77, 76 және 71 жастағы үш егде жастағы науқасқа заманауи қолқа қақпақшасы имплантталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Осы аталған жағдайдың ішінде 71 жастағы пациент 7 жыл бойы гемодиализде болған. Оның қолқа қақпақшасының күрделі стенозы, митралдық қақпақшаның жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, 3-дәрежелі артериялық гипертония, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар, 2024 жылдың желтоқсанында инфаркт алған.
Науқасқа бұрын жасалған стенттеу оның жағдайының жақсаруына әкелмеді. Сондықтан дәрігерлер тәуекел етіп, оған операция жасады.
"Бұл операция аорта стенозы бар пациенттерді емдеудегі маңызды қадам болды және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер ашты", - дейді басқарма төрағасы Марат Пашимов.
Қолқа стенозы - егде жастағы адамдарда жиі кездесетін жүрек ауруы, кенеттен жүректің тоқтап қалу қаупі.