78 жасқа толған күні жаңа жүрек қақпақшасымен өмірге қайта келді
Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Роза Қуанышбекова институттың кардиохирургтар командасымен аорта қақпақшасын биологиялық протезбен алмастыру және аортакоронарлық шунттау операциясынан кейін пациент Алексей Заиканы 78 жасқа толуымен құттықтады.