Қалқанша безі ауруы іштегі баланың миына қалай әсер етеді? Дәрігер түсіндірді

Қалқанша безі ауруы іштегі баланың миына қалай әсер етеді? Дәрігер түсіндірді

https://informburo.kz/kaz/paydaly-kenes/qalqansa-bezi-auruy-istegi-balanyn-miyna-qalai-aser-etedi-dariger-tusindirdi

Жүктілік кезінде гипертиреоз әдетте Грейвс ауруынан туындайды және бүкіл әлемде мың жүктіліктің 1-4 жағдайында кездеседі.

Қалқанша безінің ауруы – бұл оның зақымдалғанын білдіреді. Қалқанша безінің гормондары ағзадағы энергия шығынын бақылайды. Әр ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне, тіпті жүректің қалыпты соғуына жауап береді. Сол себепті оны жүкті болмас бұрын емдету маңызды, дейді Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының №1 терапия бөлімшесінің эндокринолог дәрігері Балнұр Сұлтанова.