Қалай бронх демікпесінің алдын алуға болады

Қалай бронх демікпесінің алдын алуға болады

https://informburo.kz/kaz/paydaly-kenes/qalai-bronx-demikpesinin-aldyn-aluga-bolady

 Демікпе балаларда да, ересектерде де болуы мүмкін.
                        
 11 желтоқсанда әлем Дүниежүзілік демікпемен күресу күнін атап өтеді. Бұл күнді атап өтудегі басты мақсат – халықты ауру мен оны бақылау әдістері, ерте белгілері және емдеудің жаңа тәсілдері туралы хабардар ету. Сондай-ақ, аурудың алдын алу маңыздылығын насихаттап, ингаляторды дұрыс қолдануды үйрету.
Бронх демікпесі – тыныс алу жолдарының созылмалы қабыну ауруы, олардың әртүрлі тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдығымен сипатталады. Негізгі белгілері: ентігу, жөтел (көбінесе түнде), кеуде қуысының қысылу сезімі мен сырылдар.
Демікпенің себептері әртүрлі, олар:
генетикалық бейімділік;
аллергиялық реакциялар;
ластанған ауа мен токсиндердің әсері;
вирустық инфекциялар;
стресс және физикалық белсенділік.