https://aqshamnews.kz/kz/article/almatyda-43-tegi-er-adamga-45-jastagy-azamattyn-juregi-salyndy.html
Дәрігерлер ми өлімін анықтағаннан кейін, туыстары қайтыс болған Алматы облысының тумасы 45 жастағы ер адамның органдарын алуға келісімін берді.
Олардың келісімінің арқасында Қазақстанның 4 азаматының өмірі, олардың арасында "дилатациялық кардиомиопатия (уытты)" күрделі жүрек ауруына шалдыққан 43 жастағы ер адамның өмірі құтқарылды. 5 жыл бойы энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтынуы дәрі-дәрмек терапиясын қабылдамайтын жүрек қызметі жеткіліксіздігінің соңғы сатысына әкелген.
Науқасты аздаған физикалық жүктемеде ауа жетіспеуі, 50 метр жүру кезінде ентігу, қалыпты жағдайда, жатқан кезде ентігудің жоғарылауы, тез шаршау және жалпы әлсіздік мазалаған. Жағдайының нашарлауы 2023 жылдың желтоқсанынан бастап байқала бастады.