Алматыда алғаш рет аяғы ауыр келіншектің жүрегіне бірегей ота жасалды
Операцияның ерекшелігі – науқас процесті толық бақылап, ояу жатады
Алматыда алғаш рет аяғы ауыр келіншектің жүрегіне бірегей ота жасалды. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтында өткен операцияның ерекшелігі – науқас процесті толық бақылап, ояу жатады. Ал ота аяқталған соң, 1 сағат ішінде орнынан тұрып, қалыпты өмірге оралады. Отандық медицинаға осындай заманауи әдісті енгізуде ресейлік мамандар ерекше рөл атқаруда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.