Алматыда алғаш рет жүректің өткізгіш жүйесін стимуляциялау операциясы жасалды

Алматыда алғаш рет жүректің өткізгіш жүйесін стимуляциялау операциясы жасалды

https://www.inform.kz/kz/almatyda-algash-ret-zhurektin-otkizgish-zhuyesin-stimulyaciyalau-operaciyasy-zhasaldy_a4071852

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында алғаш рет жүректің өткізгіш жүйесіне имплант қойылды. Ынталандырушы электрод жүрек ырғағының физиологиялық деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Бірегей операция бес науқасқа жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.