https://azattyq-ruhy.kz/news/47505-almatyda-algash-ret-zhasandy-zhurek-implantatsiiasy-zhasaldy
Жүрек имплантациясын күтіп жатқан тағы 1 науқас бар
Алматыда алғаш рет жасанды жүрек имплантациясы жасалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап.
«Ауру тоқтамады, кейіннен 1-2 айдан қайталана берді. Басым ауырады, түнде ұйықтамаймын, аяқтарымда, қарындарымда ісік болады. 24 сағат ұйықтамаған күндерім көп болды. Март айынан бастап қатты ауырдым. Өзіме сендім, қорыққан жоқпын», – деді науқас Ғаппар Қалиев.
Жаңа әдіс арқыл жүрек қанның бүкіл ағзада айналуына көмектеседі. Яғни, түтіктің біреуі қолқаға, екіншісі жүректің сол жақ қарыншасына қосылады. Ал мұндай жасанды жүрегі бар науқастың тамыр соғысы болмайды, бұл – басты ерекшелік.
«Егер адамның сол жақ жүрекшесі істемесе, сол кезде насос қойып, біз көмек жасаймыз адамның жағдайын жақсарту үшін. Бұл ота біздің өңірде бірінші рет жасалып жатыр. Бірақ мұндай науқастар өте көп. Көп ота жасалуы керек», – деді Кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев.
Жүрек имплантациясы Алматыда бірінші рет жасалды. Көмекші механикалық құрылғыны орнатуға Астанадағы Ұлттық кардиохирургиялық ғылыми орталықтың мамандары да жұмылдырылған. Ал алматылық кардиохирургтар жүрек патологиясын емдеудің тың әдістерін әлі де енгізетінін хеткізді.
«Біздің мамандар отандық, шетелдік клиникаларда тәжірибе жинақтады. Жалпы, бұл отаға біздің ұжым өте ұзақ дайындалды. Сәтті өткен жүрек имплантациясы – біздің 3 жылдық еңбегіміздің нәтижесі», – деді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басқарма төрайымы Роза Қуанышбекова
Жүрек имплантациясын күтіп жатқан тағы 1 науқас бар. Ол әзірге жансақтау бөлімінде. Азаматтың жағдайы отаға қауқарлы деп танылғанда кезекті имплантация қойылатын болады.