Алматыда Австрия профессоры кардиологтарға дәріс өткізді



Алматыда Австрия профессоры кардиологтарға дәріс өткізді





Бүгін Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Алматы, Талдықорған, Атырау, Тараз, Петропавловск қалаларының интервенциялық кардиологтары мен электрофизиологтары, аритмологтары, сондай-ақ, Өзбекстанның Ташкенттегі интервенциялық аритмологтары үшін клиникалық электрофизиология және интервенциялық аритмология бойынша оқыту циклы өтті.