https://dauletten.kz/articles/almatyda-elimizdegi-algashqy-ishek-aurularyn-emdeu-ortalygy-ashyldy
Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында еліміздегі ішектің қабыну аурулары (IҚА), қысқа ішек синдромын (ҚІС) емдеу және нутритивтік түзету бойынша алғашқы Мамандандырылған орталық ашылды.
Крон ауруы мен ойық жаралы колит сияқты ішектің қабыну аурулары әлемде кең таралған. АҚШ пен Еуропа елдерінде шамамен 6 миллион адам IҚА-мен ауырады.
Қазақстанда әрбір 100 мың адамға 5-10 IҚА жағдайы келеді деп есептеледі, бұл көрсеткіш диагностиканың жақсаруы мен ауру туралы ақпараттанудың артуына байланысты көбеюі мүмкін.
Қысқа ішек синдромы – сирек, бірақ күрделі жағдай. Әдетте жарақаттар, аурулар немесе Крон ауруы сияқты IҚА асқынуларынан кейін аш ішектің үлкен бөліктері хирургиялық жолмен алынғанда пайда болады.
Орталық жоғары сапалы диагностика, заманауи емдеу бағдарламалары және психоәлеуметтік қолдауды қоса алғанда, осы санаттағы науқастарға мамандандырылған көмек көрсетеді. Негізгі бағы