Алматыда еліміздегі алғашқы ішек ауруларын емдеуге арналған орталық ашылды

Алматыда еліміздегі алғашқы ішек ауруларын емдеуге арналған орталық ашылды

https://azattyq-ruhy.kz/news/79943-almatyda-elimizdegi-algashky-ishek-aurularyn-emdeuge-arnalgan-ortalyk-ashyldy/amp

 Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында еліміздегі ішектің қабыну ауруларын (IҚА), қысқа ішек синдромын (ҚІС) емдеу және нутритивтік түзету жөніндегі алғашқы Мамандандырылған орталық ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Крон ауруы мен ойық жаралы колитті қамтитын ішектің қабыну аурулары бүкіл әлемде жиі кездеседі. АҚШ пен Еуропа елдері сияқты табысы жоғары елдерде алты миллионға жуық адам IҚА-дан зардап шегеді.

Қазақстанда әрбір 100 мың адамға шамамен 5-10 IҚА жағдайы келеді деп есептеледі және бұл көрсеткіш, әсіресе диагностиканың жақсаруын және аурулар туралы хабардарлықтың артуын ескере отырып, өсе беруі мүмкін.

Қысқа ішек синдромы - сирек кездесетін, бірақ ауыр жағдай, әдетте жарақаттар, аурулар немесе Крон ауруы сияқты IҚА асқынулары салдарынан аш ішектің маңызды бөліктерін хирургиялық алып тастағаннан кейін пайда болады.