https://7kun.kz/news/almatyda-iski-medicina-mamandaryny-birinsi-lttyk-kongresi-zmysyn-bastady
Ұйымдастырушылары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Қазақ ішкі медицина мамандарының қауымдастығы және Қазақ ішек ауруларын зерттеу жөніндегі ғылыми қоғамы.
Конгреске еліміздің барлық өңірлерінен келген 3350-ден астам дәрігер қатысуда (350 - оффлайн и 3 000-нан астамы - онлайн), олар: терапевттер, жалпы практика дәрігерлері, эндокринологтар, кардиологтар, кардиохирургтар, реаниматологтар, интервенционистер, нефрологтар, аллергологтар, ревматологтар, пульмонологтар, гематологтар, гастроэнтерологтар, эндоскопистер, орфандық ауруларды бақылауға тартылған мамандар.
Конгресстің міндеті: ішкі медицинаның негізгі бағыттары бойынша заманауи теориялық және практикалық тәжірибені біріктіру. Қатысушылар диагностика мен емдеудің әлемдік трендтерін, ынтымақтастық мәселелерін талқылауда. Конгресс еліміздегі медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін білім мен үздік клиникалық тәжірибелерді шоғырландыру алаңына айналдыруға бағытталған.