Алматыда Ішкі медицина мамандарының бірінші ұлттық конгресі жұмысын бастады

Алматыда Ішкі медицина мамандарының бірінші ұлттық конгресі жұмысын бастады

https://qazaqpress.kz/2024/10/03/almatyda-ishki-mediczina-mamandaryny%d2%a3-birinshi-%d2%b1ltty%d2%9b-kongresi-zh%d2%b1mysyn-bastady/

 Қазақстан, Қырғызстан, РФ, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Германия, Түркия, Швеция мен Украина ішкі медицинасының әр бағыттағы жетекші мамандарын бір алаңда біріктіретін ауқымды іс-шара біздің елімізде алғаш рет өтіп отыр. Ұйымдастырушылары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Қазақ ішкі медицина мамандарының қауымдастығы және Қазақ ішек ауруларын зерттеу жөніндегі ғылыми қоғамы болып табылады.