Алматыда ревматологиялық ауруларды емдеудің заманауи тәсілдері талқылануда

Алматыда ревматологиялық ауруларды емдеудің заманауи тәсілдері талқылануда

https://aqshamnews.kz/kz/article/almatyda-revmatologiialyq-aurulardy-emdeudin-zamanaui-tasilderi-talqylanuda.html

 Бүгін Алматыда терапевт, пульмонолог, дерматолог, ревматолог, жалпы практика дәрігерлерінің қатысуымен VIII Халықаралық ревматологтар конгресі жұмысын бастады.

Конгресті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Республикалық ревматологиялық орталық және Қазақ ревматология алқасы ұйымдастырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Біздің институт базасында үшінші деңгейдегі ревматология орталығының құрылуына байланысты бүгінгі іс-шара аса маңызды болып отыр. Бұл ревматологиялық аурулары бар пациенттерге мамандандырылған көмекті дамытуда, сондай-ақ Қазақстанның ревматологиялық қызметінің ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық рөлін нығайтуда маңызды қадам. Біз жаңа Орталық диагностика мен емдеудің озық технологияларын енгізуге, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және жоғары білікті мамандарды даярлауға ықпал ететін клиникалық, ғылыми және білім беру платформасына айналатынына сенімдіміз», – деді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Жамиля Қайбуллаева.