Алматыда жүрек транплантациясы сәтті жасалды

Алматыда жүрек транплантациясы сәтті жасалды

https://qazaqstan.tv/news/206032/

 Алматыда кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтында жүрек трансплантациясы сәтті жасалды. 6 сағатқа созылған күрделі операцияға елдің бас кардиохирургы Юрий Пя жетекшілік еткен. Науқас бір жарым жылдан бері жүрек жетіспеушілігі диагнозымен есепте тұрыпты. Энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтынудың кесірінен жағдайы нашарлаған пациент, тіпті дәрі-дәрмек қабылдай алмайтын хәлге жеткен. Аурудың соңғы сатысына келген 43 жастағы азаматқа мәйіттік донор екінші өмір сыйлады. Кеуде тұсындағы дүрсілді қайта сезуге мүмкіндік алған Дәурен Атамбеков бүгін донордың туыстарына алғысын айтып, дәрігерлерге ризашылық білдірді.