Алматыда жетілдірілген капсулалық эндоскопияның таныстырылымы өтті
Қазақстандық дәрігерлер капсулалық эндоскопияны 2014 жылдан бері қолданып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Асқазан-ішек жолдары ауыратын науқас зонд жұтқанда қиналатындығы белгілі. Ал, бұл әдіс бойынша оған бейнекамера орнатылған капсула беріледі. Ол арқылы асқазан мен ішек жолдары толығымен тексеріледі. Зерттеу кезінде науқас ешқандай ауыртпалықты сезінбейді. Ал, енді бұл технология тағы да жетілдіріле түсті.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/540404-almatyda-zhetildirilgen-kapsulaly-endoskopiyany-tanystyrylymy-tti
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz