Күрделі операцияны Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының мамандары жасады. Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада ғана, жүрек жеткілік-сіздігіне шалдыққан науқастарға емнің осы түрі қолданылып келген еді. Енді мұндай операция Алматыда да жасалады. Гаппар Қалиевтің жүрегінің ауырып жүргеніне екі жылдай болған. 1-2 ай сайын ауруханаға жатып, төсек тартып қалған. Дәрігерлердің айтуынша, жүректің сол жақ қарыншасы қанды жеткілікті айдай алмайды. Содан кеуде қысылады. Ентігеді, ісінеді. Тіпті ұйқысы қашып, тамақ іше алмай қалады. Бұл – жүрек жеткіліксіздігінің белгісі. Алматылық дәрігерлер 60 жастағы Гаппар Қалиевке жасанды жүрек LVAD имплантациясын қоюды ұсынады. Гаппар Қалиев, Алматы облысының тұрғыны: - Маған: «Ойланып көр», – деді. Несіне ойланам дедім. Өмірімнің жағдайы осылай болып тұрса, жақсы болып кететін болсам, жасатамын дедім. Қарашада ота жасады. Жақсы өтті. Өзім содан бері жақсымын. Импланттың екі түтігі бар. Біреуі қолқаға, екіншісі жүректің сол жақ қарыншасына жалғанады. Кішкентай ғана сорғы осы сол жақ қарыншаның қызметін жақсартады. Оны қуаттайтын құрылғыны науқас үнемі өзімен бірге алып жүруі тиіс. Рүстем Төлеутаев, Кардиология және ішкі аурулар ғзи бөлім меңгерушісі: - Мұндай оталар жүректің жетіспеушілігі болған жағдайда жасалады. Егер адамның сол жақ жүрекшесі істемесе, сол кезде насос қойып, көмек жасаймыз. Мұндай ота адамның өмірін ұзарта алады. Адамның өмірінің сапасын жақсартады. «Жүрек алмастыру үшін донор табу қиын. Ал жасанды жүрек имплантациясы соның орнын басып отыр», – дейді кардиохирургтар. Жақын арада тағы бір науқасқа осындай операция жасалады. Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Эдуард Кон
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/575532-almatyly-d-rigerler-t-ysh-ret-zhasandy-zh-rek-implantatsiyasyn-ojdy
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz