Алматылық дәрігерлер жер сілкінісіне қарамастан операцияны тоқтатпады

Алматылық дәрігерлер жер сілкінісіне қарамастан операцияны тоқтатпады

https://qazaqstan.tv/news/190160/

Алматы дәрігерлері жер сілкінісі кезінде күрделі операция жасады. 

 Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының мамандары қауіпке қарамастан, өз міндетін жалғастырған. Медицина қызметкерлерінің бұл әрекетін әріптестері видеоға түсіріп алған.

Дәл осы видео дағы операцияда дәрігер Алексей Колесников та болған. Айтуынша, науқасты осы отаға бір апта дайындаған. Өте күрделі өткенін айтады. Анестезия енгізіп, жұмысты бастағанда ғимарат тербеле бастаған.