Алматылық кардиохирургтер жүрекке тамыр тікті

Алматылық кардиохирургтер жүрекке тамыр тікті

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/densaulyk/item/692611-tegin-operatsiya

 Жаңа әдіс арқасында операция сәтті өтті. Айта кеткен жөн елде жыл сайын жүрекке 400-ге жуық ашық хирургиялық операция жасалады. Олардың дені тегін. Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да кардиохирургиялық операциялардың барлық түрлері жасалады. Еліміздің ең тәжірибелі мамандары Қазақстанның әр өңірінен және жақын шет елдерден келген пациенттерге көмек көрсетеді. 83 жастағы қария Мұрат Қорабай  инфаркт жағдайында ауруханаға түсті. Жүрек тамырлары ауыр зақымданған. Дәрігерлер шунттау арқылы бұзылған қан тамырларын айналып өтетін қосымша жол жасау керек деп шешті. Сәтті операциядан кейінгі жағдайы тұрақты. Қазір кардиология бөлімшесінде емін жалғастырып, оңалтудан өтіп жатыр.