Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтының дәрігерлері қолқа қақпақшасын транскатетерлік имплантациялау операциясын сәтті жасап келеді. Бүгінге дейін мұндай операция 40-тан аса науқасқа жасалған. Олар жылына бір рет, институт дәрігерлерінің бақылауынан өтіп тұрады.