https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/579396-ant-diabeti-ana-atanu-a-eshbir-kedergi-emes
Қант диабеті өмірге сәби әкеліп, ана атануға кедергі емес. Жүктілік кезеңінде помпалық инсулин терапиясын қолдану ешқандай асқынусыз, өмірге сау бала әкелуге мүмкіндік береді, дейді Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтының мамандары. Биыл институт қабырғасында қант диабетімен ауыратын 50-ден астам әйел аман-есен сәбиін қолына алған. Бұрын дәрігерлер қант диабетіне шалдыққан әйелдерге босануға рұқсат бермейтін. Себебі түрлі асқынулар қаупі бар. Алайда, қазір бұл қорқыныш артта қалды. Кардиология және ішкі аурулар Ғылыми зерттеу институтының эндокринолог дәрігерлері 1 және 2 типті қант диабетіне шалдыққан жүкті әйелдерге помпалық инсулин терапиясын тағайындайды.