Қазақстанда гемодиализге тәуелді науқастардың саны 22,5%-ға артты

Қазақстанда гемодиализге тәуелді науқастардың саны 22,5%-ға артты

https://kaz.inform.kz/news/kazakstanda-gemodializge-taueld-naukastardin-sani-225-ga-artti-794bd9/

 АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстанда бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққан 13869 науқас гемодиализ терапиясына тәуелді. 

Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда 130-дан астам диализ орталығы бар, ал бүйрек ауруымен байланысты терапия алатын науқастар саны соңғы үш жылда 22,5 пайыз өсті (2021 жылы – 11 320, 2022 жылы – 12 546, 2023 жылы – 13 869 науқас). Алматы қаласының өзінде 19 диализ орталығы бар. Созылмалы бүйрек ауруының 70 пайыздан астамы кеш анықталып, гемодиализ бастауға тура келеді.