ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒЗИ ӘДІСТЕРІ ӘЛЕМ БОЙЫНША МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫНДА ҚОЛДАНУҒА ҰСЫНЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒЗИ ӘДІСТЕРІ ӘЛЕМ БОЙЫНША МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫНДА ҚОЛДАНУҒА ҰСЫНЫЛДЫ

https://aigak.kz/2024/08/23/azastand-zi-dster-lem-boynsha-meditsina-ymdarnda-oldanua-snld/

 Алматыдағы кардиология және ішкі аурулар Ұлттық ғылыми орталығы Joint Commission International (JCI) аккредитациясынан сәтті өте отырып, медициналық көмектің қауіпсіздігі және сапасының халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады. Институт осындай деңгейге қол жеткізген Қазақстандағы үш клиниканың біріне айналды. Бір апта ішінде JCI сарапшылары клиника жұмысын 1110 критерий бойынша бағалай отырып, жан-жақты аудит жүргізді. Жоғары тәуекелдегі дәрі-дәрмектермен жұмыс істеуге және ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуға, науқастарды емдеу мен күту әдістеріне, медициналық үдерістердің қауіпсіздігіне, тәуекелді басқару мен науқастар құқығының сақталуына ерекше назар аударылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.