Бүгін дүниежүзілік артериялық гипертензиямен күрес күні



Бүгін дүниежүзілік артериялық гипертензиямен күрес күні





Артериялық гипертония – жүрек-қантамыр жүйесінің ең кең таралған ауруы. Оның негізгі белгісі - артериялық қан қысымының жоғары болуы. Қан қысымының деңгейі 140/90 мм сын.бағ. және одан жоғары болса, қан қысымы жоғары болып есептеледі. Оның симптомдары: көбіне ұйқыдан оянған кезде бастың ауруы, әдетте шүйде жағында. Сондай-ақ пациенттер бас айналу, көру қабілетінің бұзылуы, көз алдында "бұлдыраудың" пайда болуы, құлақтың шуылдауы, жүректің соғысы мен ауырсыну, ентігуге шағымдануы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.