https://dknews.kz/kz/alem-zhanalyktary/260469-duniezhuzilik-osoa-karsy-kures-kuni
Жыл сайын қарашаның үшінші сәрсенбісінде Өкпенің созылмалы обструктивті ауруына қарсы күрес күні атап өтіледі, оның мақсаты - халықтың ӨСОА туралы мағлұмат алуы, ауруды емдеу, пациенттерді аурудың алдын алу әдістеріне үйрету, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
ӨСОА - тыныс алу ағзаларының ең көп таралған созылмалы ауруы және әлемде өлім себебі болып табылатын аурулар қатарынан үшінші орында. Ол 40 жастан асқан ағзасы осы ауруға бейім адамдарда дамиды және қақырықты жөтел мен ентігу сияқты ауру белгілерімен пайда болады. ӨСОА темекі шегудің, ауаның ластануының, кәсіби зияндылықтың (еңбек және өндірістік процестердің жағымсыз факторлары), тыныс алу жолдарының инфекцияларының әсерінен пайда болады. Генетикалық бейімділік те маңызды орын алады.
ӨСОА-ның негізгі белгілері – ентігу, таңертеңгі жөтел және ақ немесе сары түсті қақырықтың шығуы.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ профессоры м.ғ.д. Сәуле Қасенованың айтуынша, ӨСОА кезінде ең кішкентай бронхтар (бронхиолалар) және альвеолярлы қалқалар зақымдалады, бұл өкпенің құрылымдық зақымдалуына, тыныс алу мен газ алмасудың бұзылуына әкеліп соғады. Процесті тоқтату мүмкін емес, бірақ оны баяулатуға болады. Тыныс алу функциясын жақсарту үшін ингаляторлар немесе сұйық ерітінділермен небулайзерлік терапия түрінде бронхты кеңейтетін препараттар тағайындалады. Науқастар дәрігердің бақылауымен ұзақ уақыт емделеді. Бронхолитикалық терапияны үйде жеке небулайзер аппаратында жүргізуге болады.
ӨСОА кезіндегі ең ауыр кезең - аурудың қатты өршуі. Осы кезде науқаста жөтел мен ентігу күшейеді, іріңді қақырық шығарылады, тыныс алуы қиындайды, бұл оттегінің сатурациясының 95%-дан төмендеуімен көрінеді.
Егер ӨСОА-мен ауыратын науқаста жылына 2-ден астам аурудың асқынуы байқалса, науқастың қабылдайтын базистік терапиясын қайта қарап, ауруханаға жатқызу қажет. ӨСОА-мен ауыратын науқастар асқыну жағдайларына байыппен қарап, уақтылы медициналық көмекке жүгінуі керек. Пульмонологқа жүгіну ӨСОА-мен ауыратын науқасқа дұрыс ем алуға және аурудың асқынуының дамуына жол бермейді.
ӨСОА алдын алу барысында темекі шегуден бас тарту, кейде кәсіп пен жұмыс орнын ауыстыру, сондай-ақ пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация жүргізу маңызды. Вакцинация жасалған жағдайда пневмония мен ӨСОА өршуі, өлім қаупі айтарлықтай төмендейді.
Мамандандырылған медициналық орталықтарда да, үйде де жүргізілетін өкпені оңалту мүмкіндіктері туралы есте ұстаған жөн. Ол дұрыс таңдалған тыныс алу гимнастикасын, оттегі терапиясын және тыныс алу органдарын қалпына келтірудің басқа әдістерін қамтиды.
«2018 жылдан бастап елімізде іске асырылып жатқан Ауруларды басқару бағдарламасына (АБЖ) ауруларды бақылау тобына ӨСОА да енгізілген. Бұл маңызды және қажетті бағдарламаның үйлестірушісі - Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ. Осы пациенттермен пилоттық режимде біз оқытқан дәрігерлер Алматы қаласындағы екі және Астана қаласындағы бір емханада жұмыс істейді. ӨСОА-мен ауыратын науқастар өз ауруларын басқара алады, яғни оның белгілерін өз бетінше бақылап, шиеленісу белгілері пайда болған кезде дәрігерге уақытында барып, салауатты өмір салты ережелерін сақтай алады»Сәуле Қасенова
«Осы пациенттермен пилоттық режимде біз оқытқан дәрігерлер Алматы қаласындағы екі және Астана қаласындағы бір емханада жұмыс істейді. ӨСОА-мен ауыратын науқастар өз ауруларын бақылауда ұстай алады, яғни оның белгілерін өз бетінше бақылай алады, асқыну белгілері пайда болған кезде дәрігерге уақытында барып, салауатты өмір салты ережелерін ұстанады»Сәуле Қасенова
«COVID-19 пандемиясы кезінде біздің ӨСОА шалдыққан пациенттеріміз негізгі бронхолитикалық терапияны қабылдаудың және алдын ала пневмококкқа қарсы вакцинацияның арқасында коронавирустық инфекцияны ауыр асқынуларсыз бастан өткерді. Бұл вакцина 60 жастан асқан адамдарға ұсынылады, ол бір рет жүргізіледі және оларды өкпенің қабыну ауруларынан қорғайды»
Сәуле Қасенова