Дәрігер: Дерматит адамды ашуланшақ етіп, депрессияға шалдықтырады Данный текст скопирован с сайта Informburo.kz https://informburo.kz/kaz/paydaly-kenes/dariger-dermatit-adamdy-asulansaq-etip-depressiyaga-saldyqtyrady

https://informburo.kz/kaz/paydaly-kenes/dariger-dermatit-adamdy-asulansaq-etip-depressiyaga-saldyqtyrady

 Атопиялық дерматит – бүкіл әлемдегі миллиондаған адамға, әсіресе балаларға әсер ететін аллергиялық сипаттағы созылмалы қабыну тері ауруы. Жыл сайын 14 қыркүйекте Дүниежүзілік атопиялық дерматитпен күрес күні бұл ауру туралы хабардар болу және одан зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында атап өтіледі.
Ауру әдетте балалық шақта, көбінесе өмірдің алғашқы айларында басталады және өмір бойы жалғасуы мүмкін.
 
"Бұл аурудың басты белгілері – терінің қатты қышуы, қызаруы және қабыршақтануы, сонымен қатар, ауырсыну мен ұйқының бұзылуына әкелетін қабынулар. Атопиялық дерматиттің нақты себептері толығымен анық емес, бірақ олар генетикалық, экологиялық және иммунологиялық факторлардың жиынтығын қамтиды", – деді республикалық аллергология орталығының меңгерушісі Арай Батырбаева.