https://aqshamnews.kz/kz/article/darumenderge-bai-tagamdardy-tutynynyz.html
Күзгі-қысқы кезеңде жедел респираторлық инфекциялардың, соның ішінде пневмонияның даму қаупі артады. Пневмония – барлық жастағы адамдар зардап шегетін тыныс алу жолдарының ең қауіпті ауруларының бірі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың басынан 9 ай ішінде елімізде 76 мыңнан астам жағдай тіркелген.
Пневмония – өкпенің тыныс алу жолдарының ошақты зақымдануымен сипатталатын жедел инфекциялық ауру. Ауру негізінен жөтел, қақырық, әлсіздік, ентігу симптомдарымен қатар, дене қызуының жоғарылауынан басталады.