Елімізде ревматологиялық ауруларға шалдыққан жастар көбейген

Елімізде ревматологиялық ауруларға шалдыққан жастар көбейген

https://astanatv.kz/kz/news/142335/

 Елімізде ревматологиялық ауруларға шалдыққан жастар көбейген. Бұл туралы Алматыда  өткен VIII Халықаралық ревматологтар конгресінде айтылды. Аурудың алдын алу мен емдеудің заманауи тәсілдерін  отандық және шетелдік сарапшылар талқылады. "Дерттің жастар арасында белең алуы  мезгілсіз өлім қаупінің жоғарылағанын көрсетеді" - деп дабыл қағады мамандар.  Ол иммундық жүйенің әлсіздігінен пайда болып, буын, бүйрек, ми, қан тамырлары мен терінің нашарлауына әкеп соқтырады.