Гаухар Кожакеева: Коронавирус шылым шеккендерге жұқпайды деген сөз – қауесет
Әлемді жайлаған індет әртүрлі аңыз сияқты әңгімелерді тудырғаны әмбеге аян. Коронавирустық инфекцияға шипа екен деп, кейбір азық-түліктің бағасы көз алымызда шырқап шыға келгенін де көрдік. Осы тақылеттес «аңыздардың» бірі – темекі шегетін адамдардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы туралы. Мұндай мифтің тууына Қытай провинцияларының бірінде індет жұқтырғандардың бір бөлігін алып, зерттеу жүргізген кезде, олардың көбі шылым шекпейтіндіктері туралы мәлімдегені негіз болған.