Ұйқысыздық дерті

Ұйқысыздық дерті

https://aqshamnews.kz/kz/article/uiqysyzdyq-derti.html

 14 қыркүйек — Дүниежүзілік атопиялық дерматит күні

Атопиялық дерматит – әлемдегі миллиондаған адамға, әсіресе балаларға әсер ететін созылмалы қабыну тері ауруы. Аллергиялық сипаттағы бұл сырқат әдетте балалық шақта, көбінесе алғашқы айларда басталып, өмір бойы жалғасуы мүмкін.

Жыл сайын 14 қыркүйекте атопиялық дерматит туралы хабардар ету және науқастарға қолдау көрсету мақсатында Дүниежүзілік атопиялық дерматитпен күрес күні атап өтіледі. Аурудың негізгі белгілері – терінің қатты қышуы, қызаруы, қабыршақтануы және ұйқының бұзылуына әкелетін қабынулар. Бұл симптомдар науқастардың өмір сапасына айтарлықтай әсер етіп, тіпті ұйқысыздық пен депрессияға әкелуі мүмкін.

Атопиялық дерматиттің нақты себептері әлі толық анықталмаған, бірақ генетикалық, экологиялық және иммунологиялық факторлар маңызды рөл атқарады деп саналады.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты Республикалық аллергология орталығының меңгерушісі Арай Батырбаеваның айтуынша, қазіргі таңда атопиялық дерматитті емдеудің бірнеше тәсілдері бар. Олардың қатарында жергілікті кортикостероидтар, кремдер, антигистаминдер және кейбір жағдайларда жүйелік препараттар қолданылады. Ауруды ерте диагностикалау мен дұрыс емдеу симптомдарды жеңілдетіп, науқастың жағдайын айтарлықтай жақсартады.